Әйеліне пышақ сұққан күйеуі түрмеге тоғытылды
Қамысты аудандық соты 38 жастағы Жайылма ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Константин Малышев ҚР ҚК 106-бабының 1 тармағына сәйкес (қасақана кісі денсаулығына зиян келтіру) айыпталып отыр, – деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ол өткен жылдың қыркүйек айында мас күйінде өзінің танысынан әйелін қызғанып, жұбайына пышақ сұғып алады. Есін жиған күйеуі тез арада жедел жәрдем қызметін шақырып үлгереді. Уақытылы көмек көрсетудің арқасында әйелі аман қалған.
К.Малышев өз кінәсін мойындап отыр. Ол сот үкімі бойынша 3 жыл, 6 ай көлемінде бас бостандығынан айырылды.