Қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро агенттігі.
Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады.
Ал күріш – 2,9%, ұнтақ жармасы, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 1,8%, қара бидай, бидай наны, жұмыртқа – 1,7%, сұлы жармасы, шошқа еті, айран – 1,6%, сондай-ақ тауықтың төс еті, сүт, тұзды iрiмшiк, жемістер, ауыз су да 1,4% қымбаттағаны тіркелді. Қант 1,9% арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсімі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті.
Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті. Мысалы, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады. Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті.
Баға өсімі нотариус қызметтерінде – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметте – 4,7%, стоматологиялық қызметтерде 2,5% байқалды.
Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды (0,2%).
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓