Бәріне керек ақпарат
Қаламыздағы "МАРТ" сауда орталығында жастар бас қосты. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастауымен "Жастар – Отанға!" жобасы аясында "Кеңес орталығы" үш бағыт бойынша жұмыс жүргізді. Үш бағыт та бүгінгі күннің бүлкіліне арналған, өзекті деуге болады. Олар: жұмыссыздық, баспана және денсаулық.
"Тұрғын үй жинақ банкі" және жұмыспен қамту орталығының мамандары көпшілікке "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020", "Қолжетімді баспана–2020" бағдарламаларын түсін-діріп, ақпараттар таратты. Сонымен қатар "Жастар тәжірибесі" жобасы жайында кеңес берілді. Сауда орталығында жүрген көпшілік ақпарат алудың сыртында өз денсаулықтарын да тексертуден өткізуге мүмкіндік алды. Медицина қызметкерлері қан құрамын тексеріп, қанттың, хо-лестериннің мөлшерін біліп, қан қысымын тексерді.
– Мұндай шаралар үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұл біздер үшін де, тұрғындарға да тиімді. Ақпаратты адам көп жүретін жерлерде өткізудің арқасында ісіміз алға басты. Әрі арнайы мамандар біздермен бірігіп жұмыс істеп, тегін ақпарат таратуда. Айналдырған екі сағаттың ішінде 51 адамға кеңес беріп үлгерген екенбіз. Меніңше, бұл жаман көрсеткіш емес, – дейді "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Е. Төлетаев.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ: басқосудан көрініс.
Суретті түсірген автор.