Жолдауға қолдау

Аймақ әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын негізгі бағыттарын талқылауға арналған жиын өтті. Аудан-қалалардың әкімдері мен тұрғындарымен тікелей бейне байланыс арқылы өткен басқосуға ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Хасенов, өңірдің басқарма-департаменттер басшылары, ЖОО ректорлары, саяси партиялар басшылары, қоғам белсенділері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.2
– Биылғы Ел Президентінің Жолдауы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын одан әрі жалғастырып, елдің әрі қарай дамуы үшін жүйелі реформалар жүргізу қажеттігін айқындайды. Мемлекет басшысы сайлауалды тұжырымдамасын негізге ала отырып, ең алдымен халықтың игілігіне қызмет ететін үйлесімді мемлекет құруға бағыттап отыр. Бұл мақсатқа билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қол жеткізуге болады. Жолдау мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға, қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Онда ұлттық экономика мен бизнесті қолдаудың, инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндеттері, сонымен бірге халықтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары көрсетілді, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.4
Жолдауда айтылған негізгі бағыттардың бірі – Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Айта кету керек, біздің өңіріміздегі бюджеттің 45%-ы осы салаға бағытталады. Мемлекет басшысы тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударып отыр. Мұнда мектеп жасына дейінгі балаларға да, бүгінгі күні зейнетақы қоры бар адамдарға да ерекше көңіл бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардағы балаларды әлеуметтік қолдау, мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау қатар өзекті мәселелер айтылды. Биыл Қостанай облысы әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың барлық қажеттілігіне 8 млрд теңге қарастырып отыр. Бұл өткен жылғыдан 1,3 млрд теңгеге артық.1
– Қазіргі уақытта аймақта 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі (оның 2838-і балалар) жан бар. Оларды оңалту басты міндет болып табылады. Жыл сайын мүгедектерге 7 мыңнан астам техникалық оңалту құралдары беріліп келеді. биыл оның санын 8525-ке дейін арттыру көзделіп отыр. Ел Президенті аз қамтылған отбасылардың балаларын айрықша назарға алуды тапсырды. бүгінгі күні 13,5 мыңға жуық оқушы мектептерде ыстық тағаммен қамтылды, 179 балаға оқулықтар мен мектеп формасы таратылды, 1622 оқушы баллар лагерьлерінде демалып келді. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы 10 мыңнан астам баланы қамтып отыр, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова.3
Өңір басшысы Президент алға қойған бес негізгі бағыттың әрбір саласында нақты жоспарлар құру қажеттігін жеткізді. Аудан-қала әкімдеріне қыркүйек айының 10-на дейін Жолдауды барлық тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әр апта сайын облыстық ішкі саясат басқармасына атқарылған шаралардың қорытынды есебін беріп отыруды тапсырды. Қазір облысымызда Президент Жолдауын кеңінен насихаттау науқаны басталмақ. Комиссия құрамына өңірге белгілі азаматтар кіріп отыр. Архимед Мұхамбетов насихат-түсіндіру жұмыстарына жастарды көбірек тарту керектігін атап өтті.
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

1 Response

  1. Сабирбек айтты:

    Ассалаумағалейкүмдер Мен Қостанай облысының Жетіқара қаласында тұрамын. Обылыс Акімінің сайты әлде тікелей телефон номері бармекен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓