Евгений Аман – ерекше адам
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман бүгін 63 жасқа толды. Қарапайым шаруа отбасынан шыққан ол әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екінші, үшінші және төртінші шақырылымының депутаты болды. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында еңбектенді. Соңғы екі жыл Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.
Бүгін аппарат жиналысында Евгений Аманға облыс әкімі Нұралы Садуақасов адал еңбегі үшін, мемлекеттің дамып, өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар облыстық аргерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин Евгений Аманның Қостанай облысына сіңірген еңбегі зор екендігін атап өтті. Облыс аудандарының біріне Ыбырай Алтынсариннің есімі берілуі осы кісінің бастамасы екендігін тілге тиек етті.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков