Көшпелі кездесу Тобыл өңірінде өтті

Қостанай қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің мәжіліс залында референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының ұйымдастыруымен Қостанай облысының қоғам өкілдерімен өңіраралық көшпелі кездесуі өтті. 
Референдум өткізу жөнінде ел азаматтарының алдына қо­йы­лған міндетті жүзеге асыру мақ­сатында «Қазақстан мәсли­хаттары депутаттарының бірлес­тігі» республикалық қоғамдық бір­лестігінің бастамасымен өңір­лерде қоғамдық штабтар құ­рыл­ған болатын. Бүгінде олар ел көлемінде ақпараттық-наси­хат­тық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде. Кездесуде  белсенді жұмыстар жөнінде де кеңінен әңгімеленді. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша өтетін бүкілхалықтық референдумның саяси маңызына кеңінен тоқталып, ақпарат берді.
– Штаб құрылғаннан бері реферндумды халыққа түсіндіріп, сұрақтарына толық жауап беріп жүрміз. Қостанайдан бұрын Түркістан жерінде бас қосқан едік. Бүгін Қостанай жеріне келдік. Референдум – халық билі­гі­нің айқын үлгісі, әрбір қазақ­стан­дықтың өз азаматтық ұста­нымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші республика құру идеясының референдум өткізуден бастау алуы –  тарихи оқиға. Өйткені бұл 27 жылдан кейін өткізіліп отырған екінші референдум. Бұған дейінгі Конс­титуцияға өзгерістер Пар­ламентте талқыланып, енгізіліп келген. Өткізілгелі отырған ре­ферендумның тарихи мән-ма­ңызы ол тұтастай ұлттың тағ­ды­рына қатысты мәселелерді ха­лықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тіке­лей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіз­дерін орнықтыру. Алдымызда үлкен жұмыс тұр, – деді республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Төлеу­бек Мұқашев.
(Толығырақ газет бетінен оқи аласыздар)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓