Қазақ театры – Арқалықта
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры Арқалық қаласына гастролдік сапармен келіп, өнер сүйер қауымды өз репертуарларымен сусындатуда.
– Алдағы жылы театрымыздың құрылғанына 15 жыл толады. Біздің бұл сапарымыз сол мерейтойымыздың бастамасы іспетті. Амандық болса Алматы қаласына да барсақ деген жоспарымыз бар. Біз Арқалық театрын аға театр санаймыз. Театрымыз ке-зінде осынау киелі шаңырақтан енші алған. Сондықтан аға театр алдында есеп беріп, елдің батасын алайық деп келіп отырмыз, – дейді театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ерекешев.
Қонақжай қала жұртшылығы алғашқы күні драматург Жолтай Әлмашұлының "Мұңмен алысқан адам" атты спектаклін (қоюшы режиссеры Е.Төлеу-бай) тамашалады.
Өн бойында отансүйгіштік қастерлі рух өрілген туындыны театр әртістері асқан шеберлікпен сомдап, көрермендерінің ыстық ықыласына кенелді.
Қойылым соңында қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов өнер өріндегі ұжымға жылы лебізін білдіріп, ескерткіш сыйлық пен гүл шоқтарын ұсынды.
Мерейлі театр арқалықтық көрермендерін комедия жанры, балалар қойылымдарымен де қуантпақ.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.