Ақпараттық хабарлама
“Қостанай таңы” газеті редакциясы” ЖШС Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес 2023 жылдың 19-наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын Qostanai tany газетінің бетінде және kostanaytany.kz сайтында жариялаудың төлемі, тәртібі мен шарты туралы хабарлайды.
Газет бетінде жариялау шарты:
− Ақ-қара түсті газет бетіндегі материалдың әр шаршы сантиметріне 200 теңге;
− Түрлі-түсті газетте 1 шаршы сантиметр үшін 240 теңге;
− Газетте жарияланған материалды сайтта қайталау – 7000 теңге;
− 280х200 рх көлемді баннерді орналастыру (сайттың оң жағы) – күніне 500 теңге;
− 200х200 рх көлемді баннерді орналастыру (сайттың оң жағы) – күніне 400 теңге;
− Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аударғаны үшін бір бетке (пішімі – А4) 2000 теңге;
− Газетте жарияланбаған материалды сайтта жариялау – 25 000 теңге (тапсырыс берушінің суреті 2 данаға дейін).
Төлем құны 12% ҚҚС есепке алынып көрсетіліп отыр.
Үгіт материалдарын газетке орналастырудың саны мен болжамды күні кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.
Үгіт материалдары газет шығатын күннен кемінде 3 (үш) күн бұрын жіберілуі тиіс. Үгіт материалдарының орналасуы JPG, COREL, PDF пішімі, ал мақала, хабарландырулар WORD форматы талаптарына сай болуы тиіс. Егер материалдар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Заңның талаптарына сәйкес келмесе, газет үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. “Қостанай таңы” газетінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем төлеуге ұсынылған шот негізінде жүзеге асырылады.
Газет жазбаша өтініштерді демалыс және мереке күндерін қоспағанда Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 90 мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге (Астана уақытымен) дейін қабылдайды. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін. Е-Мail: 549988@mail.ru