Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, жылдағы дәстүрді жалғап, «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйіне барып, мекеме тәлімденушілерін жаңа жылмен құттықтап қайтты.

Бұл мейірім ошағында қазіргі уақытта жеті отбасы, 42 бала тұруда. Тәлім мен тәрбиені тел алып жатқан жеткіншектерге облыс басшысы жүрекжарды жылы лебізін жолдады. Сый-сияпат табыс етті. Олардың мереке қарсаңына даярлаған концертін тамашалап, өрендердің өнеріне қол соқты.

"Жанұялықтар" шара соңында А.Мұхамбетовпен естелік суреттерге түсті.
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай