Сарыкөлдік шаңғышылар сап түзеді

Сарыкөл ауданында «Бұрқасын-2016» қысқы ойындар фестивалі шаңғы жарысымен басталды.IMG_7968
Ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақсыбаев сөз алып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. -Өңірде бұқаралық спортқа көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын қысқы ойындар жалғасын табуда. Бүгінгі жарыс соның бір көрінісі. Сіздердің араларыңыздан болашақта Александр Колядин секілді саңлақ спортшылар шығады деп сенемін. Ал, осы жарыста ең мықтыларың мәреге бірінші болып жетіңдер,– деді ол өз сөзінде.Аудан әкімінің орынбасары А.Жақсыбаев құттықтауда
IMG_8006
Осылайша, көптен күткен шаңғы жарысы да басталды. Бұл додаға қатысушылар Барвин, Краснознамен, Сорочин, Соналы ауылдарынан  келіп отыр. Сондай-ақ, аудан орталығындағы 4 мектептің оқушылары мен колледж студенттері де бар. Барлығы – 80 адам бақ сынайтын бұл жарыс бір жарым сағатқа созылмақ.
-Бүгінгі жарысқа сақадай саймын. IMG_8011Сонау Соналы ауылынан арнайы келіп тұрмын. Былтыр дәл осы додада бақ сынап, біріші орынды жеңіп алдым. Биыл да сол нәтижеге қол жеткізетініме нық сенемін. Жаттықтырушым Айдын Жалкенов пен мектебімнің үмітін ақтаймын, – дейді қатысушы Артем Блинов.Қатысушы А.Блинов
Олай болса, барлық спортшыларға біз де сәттілік тілейміз! Тек кіл мықтылары жеңіс тұғырынан көрінсін!
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓