ҚАМДАНҒАН  ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

Көктемге салым Қарасу ауданының өзендерінде  су тасқынының  қаупін азайту үшін  Қарасу, Восток, Белозер, Зеленов, Новоселов, Карамырза, Октябрь тәрізді  елді мекеннің аумағында 32099 куб.метр көлемінде мұз жару жұмыстары жоспарланып отыр. Су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың  алдын алуға және болдырмау мақсатында аудандық бюджет резервінен 5 303,0 мың теңге  қаражат бөлінді.
Қарғын суға  қарсы іс-шараларға жүз жиырма бес адам, жетпіс бес  инженерлік техника, оның ішінде он бес арнайы техника, отыз жүк және жеңіл көлік,  он  автобус, он үш жүзу құралы, жеті  су айдайтын қондырғы  тартылатын болады. Тұрғын үйлерге қауіп төндірмес үшін су соратын  он жеті  мотопомпа дайын тұр.
Аудан әкімі Виктор Радченконың айтуынша, тасқынға қарсы шараға 53460 литр дизель отыны , 12420 литр  АИ-92 бензині, 98 тонна құм, 1200 тонна топырақ, 21,5 тонна қиыршық тас , 1024 тонна күл, 5620 қап әзірленген. Биылғы  су тасқынын апатсыз өткізу үшін тиісті  іс-шаралар жоспары бекітілді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ.
                                                                                                                            Қарасу ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓