Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауды бақылау күшейтіледі
Полиция және ветеринариялық инспекция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауды бақылауды күшейтпек. Бұл мәселе "дөңгелек үстел" барысында талқыланды. Онда Қостанай облысының аумағы бойынша тиісті құжаттарсыз мал тасымалдауға қатысты мәселелер көтерілді. Айта кету керек, үй жануарларын тасымалдау ережесін бұзу ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылық болып отыр.
Полицейлер Қостанай облысының ветеринариялық қадағалау комитеті мен ветеринария басқармасының қызметкерлерімен осындай фактілерін анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу қажеттігіне назар аударды.
– Өткен жылы ғана тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 352 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 207 фактіні полиция қызметкерлері анықтады. Өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 млн теңгеден асты. Жергілікті жерлерде анықтама беретін ветеринарлық дәрігерлердің бақылауын күшейту қажет. Бұл үдеріс қатаң сәйкестікте болуы тиіс, өйткені малды немесе етті құжаттарсыз тасымалдауды анықтаған кезде қылмыстың басталуына мұқият тексеру жүргізілетін болады, – деп атап өтті криминалдық полиция бөлімінің басшысы Ерлан Шәріпов.
Полицейлердің пікірінше, мұндай шаралар ұрланған малды анықтауға әсер етеді, сондай-ақ облыс нарығына қылмысқа қатысы бар ет өнімдерінің шығуына шектеу қояды.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша "Мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзу" бойынша 30 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.