Сарыкөл ауданында «Ашық есік» апталығы ұйымдастырылды
Қантар айының 23-31 күндері аралығында Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының бастамасымен «Ашық есік» апталығы ұйымдастырылды.

-Сарыкөл кенті мекемелеріне арнап, «Ашық есік» апталығын ұйымдастырдық. Біз таратқан кітапшаның ерекшелігі әр мекемеге арналып, жеке-жеке жасалғанында болып отыр. Мысалы, кітапханаға кітапханада пайдаланатын сөздер, халыққа қызмет көрсету орталығы, мәдениет үйі, аудан әкімдігінің бөлімдері және аурухана сияқты мекемелерге арналған сөздер жазылған кітапшалар таратылды, – дейді орталық басшысы Исламидин Нуридинов.

Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.