Қостанайда стритбол алаңы салынады
Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов Қостанайда стритбол алаңын салуды ұсынды. "Стритбол" дегеніміз – шағын баскетбол алаңы.

-"Стритбол" алаңы жобасын іске асыруға назар аударсаңыз деймін. Бір алаңның құны 7,2 млн теңгені құрайды, – деді Данияр Сәбитов.
Қала басшысы жаңа бастаманы қолдап, мұндай алаңдарды шағын аулаларға салуды ұсынды.
Қ.Мұратбекқызы.