«Тәуекел» тобының тартуы

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫН АШТЫ

Амангелді ауданының Байғабыл ауылында мектеп бітірген түлектер заманауи спорт алаңын ашып, игі іске ұйытқы болып отыр. Негізі ауылда мұндай шаралардың өтуі дәстүрге айналған. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді.
IMG_0090
2018 жылы осы Байғабыл ауылының тумасы Болат Жұмағалиев WhatsApp әлеуметтік желісін тағы бір топпен толықтырды. «Тәуекел, жерлестер!» деп аталатын топты кезекті бір ұран-әңгіменің, жалаң мақтау мен құттықтау алаңы деп ойлағандар болды. Дегенмен, осы «Тәуекел» тобы ел азаматтарының қолдауының арқасында ауқымды істің нүктесін қойды. Басты мақсаты Байғабыл ауылынан спорт алаңын ашу еді. Мақсатынан ауытқымай, бұл меже де орындалды. Әлемге әмірін жүргізген індетке қарамай, бала қызығы, ауыл сәні үшін басталған шаруа аяқталды. Әлеуметтік желідегі топқа біріккен 1962-2000 жылғылардың жинаған қаражатының арқасында ауылда алаң бой көтерілді. 
IMG_0045
Спорт алаңының салтанатты ашылуына Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев, аудан әкімдігіне қарасты бірнеше бөлімнің басшылары, ауыл азаматтары қатысты. Лента қию рәсімін Сүндет Ғаниев пен мектеп түлегі, шараның ұйымдастырушысы Болат Жұмағалиев жүргізді. 
IMG_0064
– Ауданымызда дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Байғабыл ауылдық округіндегі футбол алаңының ашылуы соның бір дәлелі. Жалпы бұқаралық спортты қолдау облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің тікелей тапсырмасы. Өңір басшысы шалғай ауылдардағы әлеуметтік саланың дамуына назар аударып отырады. Мұндай шаралар ауданымызда жалғасып келеді. Күні кеше Ақсай ауылында күрделі жөндеуден кейін спорт залы ашылды, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
IMG_0066
Сүндет Ғаниев футбол алаңының салынуына ерекше атсалысып, ұйымдастыра білген  Бағлан Ерғазин мен Болат Жұмағалиевке аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды. Сонымен қатар жас футболшыларға ойын доптарын сыйға тартты. 
Мұнан соң Болат Жұмағалиев әлеуметтік іске белсене қатысқан ауыл азаматтарына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Оның айтуынша, туған жерді көркейту ниетімен жасалған істе «Тәуекел, жерлестер!» тобындағы азаматтардың еңбегі зор. 
IMG_0091
– Алаңның салынуы – «Тәуекел» тобының тартуы. Аудан басшылығынан алған марапатты осы әлеуметтік желідегі топтың жетістігі деп қабылдаңыздар. Әлдебіреудің еңбегін бөле-жара айтудың өзі артық етеді. Әркімнің өз несібесі бар. Шыны керек, Байғабылдың бары да, бағы да – мектеп. Ауылға ат басын бұрып келгендерді қонақ қылып, әлек болатын да сол мектептің ұжымы. Осы жолы да «үрдіс» жалғасты. Мұғалімі мен оқушысы, басшысы мен күзетшісіне дейін осы бір алаңның басы-қасында жүрді. Кез келген игі бастаманың тәртібі мен тәліміне жауапты Қуандық Бақытұлы бастаған педагог қауымына алғысымыз шексіз. Оны бүкіл ауыл адамы көрді. Сонау Алматы облысынан Серік есімді әмбебап маманды шақыртып, спорт алаңының сапалы салынуына жағдай жасадық. Секеңді ауыл адамдары қонақ қылып, қазақы дәстүрмен лайықты шығарып салды. Жерлестер риза, ойын баласының қуанышында шек жоқ. Көптен күткен спорт нысаны бой көтерді. Міне, бізге бұдан артықтың қажеті жоқ, – деп атап өтті Болат Сағынғалиұлы.  
IMG_0080
Ауыл спортының кешегісі мен бүгінін бес саусағындай білетін Айтмұхамбет Биғабыловтың сөзінше, жасанды жамылғысы бар футбол алаңының сапасы жақсы. Құрылысы тез арада аяқталса да, жұмыстар жинақы, тиянақты істелген. «Тәуекел, жерлестер» тобының мүшесі Мұрат Нұржанов та осы ойда.
– «Ватсапта» ашылған топтың бұлжымайтын қағидасы – ауылдың ажарын аша түсу. Осы мақсатта алдағы жылдары жаңа жобаларға жол ашылады. Оны қолдау ауылдың әр азаматының абыройы. Болат, Қуандық, Бағлан сияқты белсенді жастар жоспарларымен бөлісе жатары, – дейді ауыл тумасы.
IMG_0043
Байғабыл ауылының әкімі Асхат Зейнолдин шағын футбол алаңының салынуына атсалысқан жомарт жандарға алғысын айтты. Салтанатты ашылу рәсімі аяқталған соң оқушылар спорт алаңына асықты.
Футбол алаңының ашылу салтанатынан бейнежазба: https://www.youtube.com/watch?v=WIQSCNoKjZE Авторы – Айдос Қызыринов.
 
IMG_0059
IMG_0042
IMG_0086
baigabyl_kz-20201105-0006
baigabyl_kz-20201105-0010
baigabyl_kz-20201105-0001
Суреттерді түсірген Әнет Әли

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓