11-бала өмірге келді
Аманқарағай тұрғыны Аида Мырзахметова 11-ші сәбиін өмірге әкелді. Сүйінші хабарды нәрестенің анасынан естідік.
Батыр ана бүгін кешкі сағат тоғызда Қостанай қаласындағы перинаталдық орталықта босаныпты. Нәрестенің бойы – 53 см, салмағы – 3400 келі. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бір қалыпты.
Ерлі-зайыпты Мейіржан Зинабдинұлы мен Аида Мырзахметова 2019 жылы «Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы бойынша Қызылордадан Қостанай облысының Аманқарағай елді мекеніне көшіп келген. Көп балалы отбасында 7 ұл, 3 қыз бар. Әулет бүгін тағы бір қыз баламен толықты. Балалардың үлкені студент, алтауы мектепте оқиды, қалғаны әлі кішкентай.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Сурет: ашық дереккөзден алынды.