Әскерден келген жастар ЖОО-да тегін оқи алады
Осы мақсатта ҚР Қорғаныс министрлігі 42 жоғары оқу орнымен келісім-шарт жасаған, деп хабарлайды informburo.kz.
Мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтар Қазақстанның 42 жоғары оқу орнында тегін білім ала алады. Сонымен қатар оларға офицер атағын алу үшін әскери кафедраларда тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жеңілдіктерге кімдер ие бола алады?
№1. Қандай жеңілдік беріледі?
Әскери борышын өтеген азаматтарға:
-
әскерден келгеннен кейін кейін 2 жыл ішінде, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ларға оқуға түсу;
-
анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО-лардың есебінен тегін бакалавриат және магистратурада білім алу, сонымен қатар емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай Қорғаныс министрліінің әскери оқу орындарына түсу;
-
офицер атағын алу үшін ЖОО-ның әскери кафедрасына емтихансыз грант негізінде түсу мүмкіндігі беріледі.
№2. Сарбаз қай оқу орындарында тегін оқи алады?
Осы мақсатта Қорғаныс министрлігі 42 жоғары оқу орнымен келісімшарт жасаған. Олар мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 100 пайыз жеңілдікпен 3 мыңдай орын ұсынады. Олар:
-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
-
Astana IT University
-
"Тұран АСТАНА" университеті
-
Қазақ технология және бизнес университеті
-
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті
-
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті
-
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
-
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
-
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
-
Қазақстан Ресей-медицина университеті
-
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
-
Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы
-
Халықаралық білім беру корпорациясы
-
Қазақ автомобиль-жол институты
-
Алматы менеджмент университеті
-
Caspian University
-
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
-
Қазақ жолдар және қатынастар университеті
-
"Тұран" университеті
-
Азаматтық авиация академиясы
-
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті
-
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
-
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
-
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Қарағанды медицина университеті
-
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті
-
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
-
Семей медициналық университеті
-
Alikhan Bokeikhan University
-
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
-
Солтүстік Қазақстан университеті
-
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
-
Торайғыров университеті
-
Е. Бөкетав атындағы университеті
-
Құрлық әскерлерінің Әскери институты
-
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
-
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты.
№3. Әскери оқу орнына түсу үшін не істеу керек?
Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және 24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап 1 жылдан кешіктірмей сол жылдың 30 сәуіріне дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына өтініш жазуы керек.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы заңға сәйкес, арнайы тексеру жөніндегі жұмысты және әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары бойынша алдын ала медициналық куәландырудан өткізеді.
Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар сол жылдың 30 шілдесіне дейін құжаттарын тапсырып, түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери оқу орнына келеді.
Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде бұрын өткізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады
№4. Тегін білім сарбаздардың бәріне беріле ме?
Сарбаздар тегін білім алу үшін іріктеуден өтеді. Ол үшін Қорғаныс министрлігінің комиссиясы сарбаздың мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде жауынгерлік, әскери-кәсіби даярлықта, әскери тәртіпте көрсеткен нәтижесін ескереді. Атап айтқанда, комиссия сарбазды:
-
жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі;
-
жеке тәртібі;
-
тәуліктік нарядта қызмет өткеру барысында арнайы міндеттерді толық орындауы;
-
психологиялық жай-күйі арқылы бағалайды.
Бұл процестің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін "Әскери міндеттілер 2.0" цифрлық платформасы енгізілген. Жоғары нәтижеге қол жеткізген сарбаз 3 жоғары оқу орны мен білім бағдарламасын таңдап, Қорғаныс министрлігінен ұсыным алады. Кейін университетке құжатын ұсынып, әңгімелесуден өтуі керек.
№5. Қандай құжаттар қажет?
-
жеке куәліктің көшірмесі;
-
білім туралы құжаттың көшірмесі;
-
әскери қызмет өткергені туралы анықтама;
-
әскери билеттің көшірмесі;
-
086 анықтамасы (медициналық куәландыру).
№6. Сарбаздардың қанша пайызында жоғары білім бар?
Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, жыл сайын 18-27 жас аралығындағы 35 мың адам әскерге шақырылады. Оның ішінде тек 5 пайызында жоғары білім бар. Қалғаны мектеп, колледж бітірген.
Материал қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева түсіндірмесіне негізделіп жазылған.