Екі күнде бес жүлде
Көкшетауда Шорт-тректен Қазақстан кубогының екінші кезең ойындары өтіп жатыр. Үш күнге созылатын додада қостанайлықтардың жұлдызы алғашқы жарыс күнінен жарқырай түсуде. 1500 метр қашықтықта Полина Омелчук қола жүлдегер атанса, Никита Костюк осы ара қашықтықты бәрінен бұрын кесіп өтті.
Алтыннан алқа тақты. Қуандық Сүлеймен күміс жүлдемен жанкүйер қауымды қуантты. Келесі күні құрама командалардың жарыс жолына шығуына кезек берілді. Онда Қостанайдың әйелдер құрамасы 3000 метр қашықтық эстафетада үздік өнер көрсетті. Сөйтіп облысымыздың қоржынына екінші алтын медальді алып берді. Қостанайдың ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафета байқауында қола жүлдені қанжығаға байлады.