Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі: әділетті Қазақстан құру

Тоқаев біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керектігін атап айтты. Елімізде халқымыздың әл-ауқаты мен ел экономикасының дамуына пайдалы нақты реформалар жасалады деп сенеміз. Ауыл шарушылығының дамуына көп көңіл бөлінсе, ет пен сүт өнімдерінің қымбаттамауыны қатысты шаруашылық реформалар шынайы жүзеге асырылады деген үміттеміз.
Ел ырысы мен берекенің алтын қазығы болған ауыл шаруаларының кәсібіне Үкімет тарапынан шынайы қолдау жасалып, көңіл бөлінуі керек. Әділетті Қазақстанды құру сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асуына баршамыз ұйымшылдықпен атсалысуымыз қажет.
Мемлекет басшысының Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да қадап айтуы өте орынды. Тәуелсіздігімізді сақтау – халқымыздың басты құндылығы екені ақиқат.
Өтеген Исенов,
тарих ғылымдарының кандидаты,
А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры.