Жанаттың жасыл желегі
Науырзымдық Жанат Шетіғұлованың бастаған кәсібі ерекше. Ерекше дейтініміз, ол кәдімгі балғын, енді көктеп келе жатқан шөпті сатады. Бұл бизнестің де өз атауы бар екен. Ол гидропогника деп аталды.


–Гидропоника дегеніміз – үй жағдайында шөп өсіру. Негізі осы мемлекеттік қайтарымсыз грант жайлы бұған дейін әлеуметтік желілерден, теледидардан естіген едім. Бірақ, осы бағдарламаға қатысу үшін Науырзым ауданында бұған дейін болмаған, бизнес-идея, жобалар қарастырдым. Солай ізденіп жүргенімде интернет желісінен гидропоника жайлы оқып, бірден қызығушылығым артып, зерттей бастадым. Жалпы, гидропоника жобасымен Қазақстан аумағында айналысып жатқан бірнеше шаруашылық бар. Солармен хабарласып, толығырақ ақпарат алдым. Бірақ қандай жабдықтар мен құрылғылар керегін білу қиынға түсті. Сонда да қайтпай ауданымызда мемлекеттік қайтарамсыз грант алуға “Еңбек” биржасы арқылы “Бастау бизнеске” өтінім беріп, оқып, сертификатқа ие болдым. Жобаны іске асыру мақсатында комиссия алдында қорғап, қайтарымсыз грант иегері атандым, – дейді жоба авторы.

–Шөптердің пайдасын әлі түсінбейміз, бірақ халықтың қызығушылығы бар. Уақыт өте келе сұраныс артатынына сенімім зор. Өсімдікті өсірудің өзіңдік тәсілдері бар. Мал шаруашылығына қажетті өнімді алу үшін 7 күн шамасында өсімдікке арналған жарықтың астында ұстап, 3-4 рет суарылады. Дайын өнімнің 1 келісі 150 теңгеден. Таптырыс мөлшері көп болса 100 теңгеден сатамын. Яғни, бір ыдыстағы өнімнің өлшемі 6-7 келі, өсімдіктің биіктігі 15, ұзындығы 60, ені 40 см болады, – дейді жас кәсіпкер.
Жанат өзіне сенімді. Бастамасы қолдау тауып жатса, мал щаруашылығына тигізер пайдасы көп болмақ. Расымен, елімізге тың идеяларды ойлап тауып, жүзеге асырар осындай жастар керек.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суреттерді түсірген Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Науырзым ауданы