Ана мен бала өрт ішінде мерт болды
Құсмұрын ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ішінде балалы ана қалып қойған. Қайғылы оқиға 26 қаңтарда болды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кезекші бөлімге дабыл таңға сағат 9 кезінде келіп түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минутта жетті. 15 шаршы метрлік төргі бөлмеде барлық жиһаз өртеніп жатқан. Құтқарушылар үйден газ баллонын алып шықты. Тілсіз жау 34 жастағы әйелді және оның 6 жасар ұлының өмірін жалмап кетті. Өрт сөндіруге үш адам және бір арнайы техника жұмылдырылған. Олар қызыл жалынды 09:40-та толығымен сөндірді", – делінеді хабарламада.
Облыстық ПД мамандары әйел мен баланың қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.