Әлеуметтік бастамалардың басымдықтары

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы әлеуметтік бастамалардың іске асырылуы туралы брифинг өтті. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда ол МӘМС, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын қабылдау, АӘК жаңа форматы сынды әлеуметтік саясаттың негізгі жаңашылдықтарымен таныстырды.
 
WhatsApp Image 2020-01-10 at 12.06.14
– Бүгін біз Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамаларын түсіндіруге арналған брифинг өткізіп отырмыз. Ондағы мақсат – халыққа осы бастамалар туралы нақты және түсінікті ақпарат ұсыну. Сіздер сол ақпараттық жұмысты жедел және сапалы жүргізуге көмектеседі деп сенеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған әлеуметтік бастамалар денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру сияқты салаларды қамтиды. 2019 жылдың соңында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданғаны мәлім. Нәтижесінде облыс педагогтері үшін бірқатар әлеуметтік шаралар қарастырылған. Жаңа жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25% – ға өсті. Осы мақсаттар үшін үш жылға 84,5 млрд теңге сомасына республикалық трансферттер бөлінді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да көрсеткіштеріміз жақсы. Бүгінде Қостанай облысында 730 мың адам шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Тағы 405,2 мың тұрғын жарна төлемейді, өйткені олар ай сайын мемлекеттен қолдау көрсетілетін азаматтардың санатына кіреді. Олар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады және медициналық қызметтердің қосымша пакетіне қол жеткізеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Марат Жүндібаев кепілді көлем шеңберінде сақтандырылмаған азаматтарға да алғашқы медициналық көмек, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу қолжетімді болатындығына тоқталды. Ал мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар азаматтар мына санаттарға жатқызылады:
1) студенттер; 2) балалар; 3) зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; 4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; 5) мүмкіндігі шектеулі жандар; 6) жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген адамдар; 7) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 8) 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар; 9) бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты немесе баласы 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алғандар; 10) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтіндер; 11) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар; 12) тергеу изоляторларында отырғандар; 13) жұмыс істемейтін оралмандар; 14) балалық шақтан І топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған жұмыссыздар; 15) мемлекеттен АӘК алатын жұмыссыз азаматтар.
 
Мәртебелі мұғалім – сапалы білім кепілі
 
«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы педагогтердің Тамыз конференциясында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген болатын. 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев 21 баптан тұратын «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойды қол қойды. Заң педагог мәртебесін айқындайтын негізгі 4 бағытты қамтиды:
1) Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
2) Мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
3) Материалды емес стимул тетіктері;
4) Материалдық ынталандыру.
Жаңа заңда қарастырылған позициялардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, педагогтің оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту формаларын таңдау бойынша кәсіби құқықтары кеңейтілді. Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады.
Үлгілік оқу жоспарларының төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.
Заңға сәйкес, мұғалімдерге қосымша ақы төленеді:
1) Тәлімгерлік үшін – 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни, 17 мың теңге төленеді.
2) Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.
3) Халықаралық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді.
4) Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек.
5) Педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады.
6) Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты бойынша жалақы арттырылады.
7) «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде бір жолғы сыйақы төленеді.
 
Білім
 
Атаулы әлеуметтік көмек: не өзгерді?
 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Жаңа жүйедегі басты бағыт – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.      Енді атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енді. Енді көпбалалы аналарға әлеуметтік санатына қарамастан, бала санына байланысты жәрдемақы төленеді. Ал, атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай тоқсан сайын тағайындалады. Бірақ, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуден бас тартса, бұл көмек көрсетілмейді. Сонымен қатар, табысы төмен отбасыларға кепілді  әлеуметтік пакет ұсынылатын болады. АӘК бала санына байланысты (42 500-ден 74 400 теңгеге дейін) көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізуді көздейді. Қостанай облысына мұндай көмек түрін 5260 отбасы алады. АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылатын болады. Көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі.  Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізіледі:
1) микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;
2) үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;
3) тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала / ауыл) берілетін микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау;
4) аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егер отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамту шарасынан бас тартатын болса, онда тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға төлем тоқтатылады. Сондай-ақ балаларға арналған АӘК бекітілген төлемдері жойылады.
 
МӘМС тетіктері
 
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына қатысты сұрақтардың жауабын 1406 нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.
«Орталыққа МӘМС-ке қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады. Ол 24/7 сағат бойы жұмыс істейді. Бұл қор жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған дүние. Біз келіп түскен сұрақтарды жеке-жеке қарастырамыз. Егер белгілі бір медициналық мекемеге қатысты шағымдар жиі түссе, қажет жағдайда ол мекемемен жұмыс тоқтатылатын болады», – деді ол.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Қазақстан азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Ал, уақытша тұратын шетелдіктер үшін бұл қызмет шұғыл және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруға шалыдыққан жағдайда ғана көрсетіледі. Сонымен қатар, негізгі әлеуметтік маңызы бар және созылмалы жұқпалы емес аурулар кезінде медициналық көмек толық көрсетілетін болады және дәрі-дәрмек тегін беріледі.
Тұрғындардың есіне салайық, бірінші кезекте сақтандырылу мәртебесін тексеріп алу керек. Осы жылдың наурыз айының соңына дейін барлық азаматтар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде сақтандырылған болып саналады, бірақ соған қарамастан әркім өзінің сақтандырылу мәртебесін тексеріп алуы керек. Егер азамат сақтандырылмаған болып шықса, банк жасап шығарған төлем терминалдары арқылы жүйеге жылдам кіруге болатын тетіктер бар. Сонымен қатар, ол сақтандырылу мәртебесін Telegram-бот арқылы анықтауға болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓