Жағдайға кім жауапты?
Өткен айдың 18-і күні Қостанайдағы КЖБИ шағын ауданының Мирошниченко, 6 мекенжайында алапат өрт оқиғасы тіркеліп, иелері жапа шеккен еді. Бүгінде жалын шарпыған аумақтың орны қараусыз қалып, күл-қоқыстан арылмай тұр. Маңайдағы қоламса иіс сол жердегі көршілердің мазасын кетіріп болды, деп жазды top-news.kz. Аталған көшенің тұрғындары қоқысты тиісті мекеме жинастырып берсе дейді. Ал мамандар пікірі басқаша.
"Тазарту шараларымен оқиға болған нысанның иелері айналысулары керек. Олардың дағдарыс салдарынан күйзелістен әлі де арыла алмауына байланысты уақытқа белгілі бір шектеу қойылмайды. Өрттің шығу салдары әлі анықталып жатыр", – дейді Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Гүлмира Абдуғалиева.
А. Ғалымұлы