Елдің біртұтастығы бізге байланысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында қандай іс болмасын нақты фактілерге сүйену керектігін ескертті. Сондай-ақ, біздің мызғымайтын қағидатымыз «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа» негізделгенін де қадап айтты.
«Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Бұдан бөлек, Президентіміз халықымыздың басты құндылығы – тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске салды. Яғни, еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен тірлігімізге байланысты деген байлам айтты.
«Біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады. Әрқайсымыз өзара тілеулестік қағидатынан айнымауымыз керек. Сонда ғана тең мүмкіндіктер мен дамуды ту еткен Әділетті Қазақстанды құрамыз», – деп толғаныспен айтқан астарлы сөзі менің де көңілімен шықты.
Олай болса, Президентіміз айтқандай, осы елдің азаматы болған соң, қай салада жүрсек те, тек елдің болашағы үшін өзіміздің тікелей жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Себебі, елдің біртұтастығы бізге байланысты, біз үшін еліміздің тыныштығынан асқан бақыт жоқ дегім келеді.

Баймырза САТАЕВ,
шаруа қожалығының басшысы,
Сарыкөл ауданының құрметті азаматы,
«Құрмет» орденінің иегері.
шаруа қожалығының басшысы,
Сарыкөл ауданының құрметті азаматы,
«Құрмет» орденінің иегері.