Тәу етер тірегім
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салтсанасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Ел тәуелсіздігінің ең бас-ты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы, мемлекеттік шекарасын айқындауы, төл теңгесін шығаруы сияқты аса маңызды егемендік сипаттарымен біте қайнасып жатыр.
Ата-бабаларымыз "Тәрбие тал бесіктен басталады" деп бекер айтпаса керек. Кейбір ортада мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, оларды насихаттау тек мемлекеттік органдардың, билік мекемелерінің мін-деті деген сыңаржақ пікір бар. Ал ҚР Конституциясының 34-бабында: "Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті" деп тайға таңба басқандай жазылған. Ал сол міндетті сезіну үшін, орындау үшін әрбір отандасымызға үйде, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, мекемелерде ұдайы тәлімдік-тәрбиелік жұмыстар жүргізуі керек.
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды", – деген еді.
Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі. Отанға, елге деген құрмет ең алдымен Мемлекеттік рәміздерге деген әрбір азаматтың жүрек соғысынан танылуы қажет. Елдігіміздің басты құндылықтары ретінде Елтаңба, Ән-ұран және Туымызды құрметтеу, қорғау заңмен белгіленген. Ол әркім ойына келгенді істейтін қол-жаулық емес. Ол елдің, ұлттың ұғымында да берік қалыптасқан киелі ұғым. Ол бүгіннің ғана тапсырмасы емес, ата-бабамыздан жалғасқан қастерлі аманат. Отаншылдық, мемлекет-шілдік, ең алдымен, тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуден басталады. Ол азаматтың бойында мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Қорыта келе айтатыным, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салтдәстүрі мен әдетғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондай-ақ, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән бел-гілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиіс. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Талғат
ҒАБДРАХМАНОВ,
Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.