Жаңа Қазақстан жаңа саяси тұлғалармен жандануға тиіс

Өзім де бірнеше жыл мемлекеттік қызметте еңбек етіп, бүгінде құрмет демалысындамын. Соған қарамастан Аманкелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, бүгінгі қоғамның дамуына барынша үлесімді қосқым келеді.
19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау қоғамның жаңаруы мен жаңғыруының көрінісі болмақ. Сайлау елімізге тұрақтылық, конституциялық реформаларды іске асырып, саяси жаңғыруды әкеледі. Бұл – еліміздегі маңызды өзгеріс. Кезектен тыс сайлау әр жанұяға, әр азаматқа, келешекке нық қадам жасауға бағыт-бағдар береді. Сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал. Мен сайлауға қатысамын және сіздерді де белсене қатысуға шақырамын.
Есім ДАУЫЛБАЙ,
Аманкелді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы,
мемлекеттік қызмет ардагері.