Ел көкейіндегі көп мәселе айтылды

Президент Қ.К.Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын елдегі қоғам қайраткелері алдын ала не болатынын, қандай өзгерістер күтетінін, әртүрлі әлеуметтік желілерде соңғы күндері талқылады. Қаңтар оқиғасынан бері халықтың саяси белсенділігі күшейді. Елдің саяси мәдениеті арта түсуде.
 Президенттің саяси реформаларынан бірқатар саясаткерлер сайлау саясатында қандай өзгерістер болатынын күтті. Соңғы сайлауларда халықтың белсенділігі түсіп кеткендігі рас. Осы ретте Парламенттегі Мәжіліс пен Сенаттағы депутаттар санының азаюы және партиялық прапорциялық жүйеден пропорциялық-мажоритарлық жүйеге көшу депутаттыққа кандидаттар белсенділігі мен жауапкершілігін арттырады деп ойлаймын. Сонымен қатар Парлемент сайлауындағы пропорциялық-мажоритарлық жүйе қоғамды демократияландыра түседі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруда облыс және мемлекеттік маңызы бар қалаларәкімдерін тағайындауда альтернативті кандидаттардың ұсынылуы халықтың атқарушы билікке сенімін арттыра түседі, Жергілікті басқаруды одан әрі дамытып, қалалық және аудандық әкімдерді тікелей сайлау арқылы тағайындауымыз керек деп ойлаймын.
Жолдауда бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын жандандыру қажеттігі айтылды. Бізге тәуелсіз, шынайы жазатын және құзыреттілігі жоғары журналистер керек. Қазақ журналистері де елдегі идеологиялық насихаттық жұмыстарға белсенді араласып, басқа мемлекеттердің БАҚ-ның елдегі ақпараттық жүйеге араласу арқылы өз ойын таңуына жол бермейді деп ойлаймын.
Жолдауда қазіргі кезде қалыптасып отырған геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізіп отырған әсері айтылып, одан шығу жолдары баяндалды. Бұл – осы күндері халықтың ауызында жүрген және ел болашағына алаңдаушылық туғызып отырған жағдай. Әсіресе, алдағы экономикалық жағдайдың күрделене түсуі халыққа әлеуметтік қолдауды қажет етеді.
Қайсар Қанешов,
Рудный Тау-кен технологиялық колледжінің директоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓