Қандықол 17 жылға сотталды
25 қаңтарда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зейнеткерді алтын алқаға бола өлтірген Марина Евтюхинаның қылмысы дәлелденіп, сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Тобол Инфо.75 жастағы зейнеткерді өлтірген қостанайлық әйел алдағы 17 жылын абақтыда өткізеді. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Көзделген мақсатта кісі өлтіру) бойынша үкім шықты.
"Евтюхина ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағының 2-бөлігі (қару қолдана отырып тонау) және 99-бабының 3, 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 2-бөлім (кінәліге дәрменсіз жағдайда және пайдакүнемдік мақсатпен адам өлтіру). Осылайша, сотталушыға мүлкі тәркіленбей, түпкілікті 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", — деп үкімді оқыды судья Көшербай Ақшалов.
Сондай-ақ, судья Марина Евтюхинаны материалдық шығын ретінде 2 миллион 598 мың 287 теңге, моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Еске салайық, іс материалдарына сәйкес, 75 жастағы Двес Жапарова 1 қыркүйекте өлтірілген. Қылмысқа егде әйелдің мойнындағы құны 350 000 теңге тұратын алтын алқа себеп болған. Садовая көшесіндегі №100/2 үйдің кіреберісінде 45 жастағы Марина Евтюхина зейнеткерге бірнеше пышақ жарақатын салған, соның салдарынан әйел сол жерде қайтыс болған. Сотталушының әлгі алтын алқаны №15 дүкенде орналасқан жақын жердегі ломбардқа 130 700 теңгеге тапсырғаны анықталған еді.
Суретті түсірген Әбіл Досжанов