Мақсат-міндеттер айқындалды
21 қыркүйек күні Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтетіні туралы Жарлыққа қол қойып, осы бастамаға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жасады.
Президент. Парламент. Үкімет әрі Мәслихат. Төрт құрылым да біртіндеп қайта құрылады. Бұл биыл жүзеге асырылған іргелі референдумның негізі. Осылайша, билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнайды.
Әлем қазір теңселіп тұр. Мемлекеттердің ішінде де, елдер арасында да қақтығыстар көбеюде. Саяси жүйені қайта жаңарту бізге қазіргі заманның барлық сын-қатерлеріне қарсы тұра алатын саяси модель қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.
Әділетті жаңа Қазақстан құрудағы тың реформалардың саяси мәні зор деп түсінемін. Сондықтан Президенттің сайлау науқанына сәттілік тілеймін!
Балтазар ІЗТІЛЕУОВ,
Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйіне қарасты
Есір ауылдық клубының меңгерушісі
Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйіне қарасты
Есір ауылдық клубының меңгерушісі