Комада жатып мерт болды
Қостанайда үш жасар бала ауруханада наркоздан оянбаған күйі қаза тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 15 желтоқсанда төрт ұл балаға анестезиямен жоспарлы урологиялық ота жасалған еді. Бір қиыны, балалар белгіленген уақытта наркоздан оянбай қалған болатын. Олардың үшеуі кешірек болса да естерін жиған. Ал төртінші сәби комаға түсіп, 21 қаңтарда мерт болды.
"Полиция наркоздан кейін комаға түскен үш жасар баланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары, сараптама жүргізіліп жатыр", – делінеді ІІМ хабарламасында.
Әзірге тергеу мүддесіне байланысты бұдан өзге ақпарат берілмей отыр.