COVID-19: +264
18 тамыз Қостанай облысында коронавирус 264 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 73, Рудный қ. – 27, Жітіқара қ. – 24, Әулиекөл ауданы – 20, Лисаков қ. – 14, Б.Майлин ауданы – 14, Арқалық қ. – 13, Алтынсарин және Денисов аудандарында 12 – ден, Қостанай ауданы – 10, Мендықара ауданы – 9, Қарасу және Сарыкөл аудандарында – 8, Қамысты ауданы – 6, Амангелді, Қарабалық және Федоров аудандарында – 4, Ұзынкөл ауданы – 2.
223 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 37 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 230 адамда ауру белгілері болды, 34 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 18 тамыз аралығында COVID-19-дың 25 500 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 22 775.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 281 175 адам, екінші компонентпен 219 589 адам вакцинацияланды.