Шетелдік көліктердің алғашқы легі заңдастырылды

Бүгін, 23 қаңтарда ел көлемінде 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Қостанайлықтар да осы мүмкіндікті мүлт жібермеуге асығып, ХҚКО-ға ағылып жатыр.Мемлекеттік нөмір мен техпаспортқа алғашқылардың бірі болып қол жеткізген көлік иелерінің бірі – Қостанай қаласының тұрғыны Андрей Кусков. Оны Қостанай облысы "Азаматтарға арналған үкімет" директоры Мейіржан Жанабаев табыстады.
"Volkswagen Caravelle" автокөлігін үш жыл бұрын Челябі қаласындағы досымнан сатып алдым. Мен ресейлік нөмірмен жүрдім. Ол ыңғайсыздықтар туғызатын. Заңдастыру мерзімдері анықталғанын білгенде қатты қуандым, бірден өтінім бердім. Құжаттарым бойынша машинам "таза", сондықтан рәсімдеуде қиындықтар болған жоқ, қажеттінің бәрін тапсырдым. Енді көлігім ресми түрде қазақстандық болды. Бұған өте қуаныштымын, – дейді Андрей Кусков.
 
Қостанай облысында, алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 3 мыңға жуық шетелдік автокөлік бар. Себебі біздің облыс транзиттік өңір болып саналады және көптеген машина дәл осы жерде бастапқы тіркеуден өтіп, еліміздің басқа өңірлеріне жол тартады.
"3000-ға жуық көлік Қостанай ХҚКО арқылы тіркеуден өтуі тиіс. Мұның бәрі автомобильдің қаншалықты "таза" екеніне байланысты. Бүгін түске дейін 70-ке жуық өтінім берілді. Сондай-ақ, өтінім берудің егжей-тегжейін білу үшін көптеген азамат бізге жүгінді. Тиісінше, қызметкерлер бәрін кезең-кезеңімен түсіндіреді", – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Алексей Милюк.
ХҚКО қызметкерлері де заңдастырудың барлық процесі еш кедергісіз өтетініне сендіріп отыр. Ең бастысы, көлік иелерінің барлық қажетті құжаты қолма-қол болуы керек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓