Колледж директоры парамен ұсталды

Арқалық политехникалық колледжінің директоры қаржы жымқырғаны үшін істі болды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды. парамен ұсталды«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі облыстық Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді», – делінген хабарламада.
6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен А.С. Оспанов бюджет қаржысына қол салғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұл арқалады және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓