Жаңа көліктер сатып алынды

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қостанай қаласының жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін медицина саласының қызметкерлеріне жеті көліктің кілтін салтанатты түрде тапсырды.
IMG_2041Облыста барлығы 39 жедел жәрдем автокөлігі бар. Соның 16-сы қала ішінде жұмыс істейді. Облыс әкімінің айтуынша, жыл сайын облыстың жедел жәрдем қызметіне жобамен алғанда, 1 млрд 700 млн теңге қаржы жұмсалады.
IMG_2077
IMG_2104-Бүгін біз облыстың жедел жәрдем қызметіне жаңа заманауи автокөліктерді сыйлап отырмыз. Осыған жергілікті бюджеттен 223 млн теңге қаржы жұмсадық. Автокөліктер заман талабына сай құрал-жабдықтармен, құрылғыларымен қамтылған. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасы артып, өлім-жітім көрсеткіші азаяды деп сенеміз,-деді өңір басшысы А.Мұхамбетов.IMG_2153
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓