А.Уфимцевтің 100 жылдығын атап өтті

– Біз бүгін танымал жерлесіміз Анатолий Уфимцевтің 100 жылдық мерейтойын атап өткелі тұрмыз. Соғыс жылдары ол әскери геодезист болып еңбек етті. Кейін шаршы тақтада бағы жанды. Тіпті көптеген әлем чемпиондарымен кездесіп, олардың кейбірін айқын басымдықпен ұтқан кездері де аз емес. Анатолий Гаврилович шахматшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп өсірді. Олардың арасында белгілі гроссмейстер Петр Костенко да бар. Уфимцев шәкірттері әр жылдары ел намысын абыройлы қорғай білді. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқаны қуантады, – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов ескерткіш тақтаны ашарда.
Аймақ басшысынан кейін сөз алған спорт ардагері Валерий Поляков елімізде Қостанайдағы шахмат клубының баламасы жоқтығын атап өтті. "Мұның өзі облыс басшысының шахмат спортына сіңірген еңбегінің арқасы", – деді ол.
Атақты шахматшы бейнеленген мәрмәр тақтаның ақ сейсебін облыс әкімі мен Ұлы Отан соғысының ардагері Мағауия Жүнісов ашты. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына жиналғандар А.Уфимцев рухына тағзым етіп, алқызыл гүл шоқтарын қойды.
Мұнан кейін Достық үйінде әйгілі шахматшының 100 жылдығына ар-налған салтанатты жиналыс болды. Ал кешкісін шахмат клубында "Уфимцев қорғанысы" деген атпен танылған блиц-турнир ұйымдастырылды.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретте: облыс әкімі Н.Садуақасов мәрмәр тақтаны ашарда сөз сөйледі.
Суретті түсірген
Айбек ЖҮЗБАЙ.