Тұмаумен ауырғандардың дені балалар
Облыс бойынша соңғы аптада коронавируспен ауырып жатқан 45, алдыңғы аптада 29 адам тіркелген. Кестеге сай біз «жасыл» аймақтамыз. Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов «Қостанай облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы» есеп берді.

Халықтың неғұрлым осал топтарын иммундау үшін 2022 жылда "ГРИППОЛ+" вакцинасының 80 мың дозасы сатып алынған. 80 мың адам егілген, оның ішінде 7 455 бала және 68 205 ересек адам.
«Коронивурспен ауырып жатқан адамдар бұрынғыдай емес, ауру жеңіл түрде өтуде. Бірақ науқастың жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан ауырғандар емханаларда ем алып, көпшілік жерде бақылап жүргені дұрыс» дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
АйтолқынАЙҚАДАМОВА.