Жаңа Қазақстанның тағы бір қадамы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтар күні «жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарту және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» шешім қабылдады.
Бұл қадамның, біріншіден, «Жаңа Қазақстан» саясатын жүзеге асыруға зор ықпалы тиеді деп ойлаймын. Екіншіден, 19 наурызда қайта сайланатын мәжіліс депутаттарының қатары жастармен толығады деген сенімдемін. Үшіншіден, жаңашылдыққа бет бұруға зор мүмкіндік. Реформалық жүйе толығымен жаңарады. Билік басына шынайы халық қалаулылары келеді деп топшылаймын. Нақты әрі жылдам шешім қабылдайтын депутаттар қазіргі таңда бізге ауадай қажет. Сайлау әрқашан әділ, ашық түрде болуы керек. Шынайы халық жанашырлары сайланса, «Жаңа Қазақстан» дәуірі туып, қуатты бастамалар жүзеге асып, алпауыт мемлекеттермен иық тірестіре аламыз. Мемлекет басшысының басты ұстанымы осы. Әділеттік үшін болашаққа нық қадам басу керек. Қостанай облыстық мәслихатының депутаты ретінде Президентіміздің әділ шешімін толық қолдаймын.
Манат КАРБОЗОВ,
облыстық мәслихаттың депутаты