Теміржол билеттері қымбаттады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Тальго» пойыздарына теміржол билеттері неге қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл сауалға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жауап берді.
–«Тальго» құрамына екі дизельвагон қызмет көрсетеді, олар сумен қамтамасыз етеді, бүкіл құрамды жылытады, жарықтандырады, 2 тоннаға дейін дизель отынын сатып алады. Біріншіден, дизель отынының қымбаттығы, екіншіден, вагондар «Тальго» компаниясының сервистік қызметінде. Компанияның өз филиалы бар және олар осы вагондарға қызмет көрсетеді. Бұл бірегей вагондар. Тиісінше бұл пойыздың билеттері қарапайым билеттерге қарағанда қымбаттырақ», – деп түсіндірді Қанат Әлмағамбетов.
Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап жеке тасымалдаушылар да билеттердің құнын 7%-ға арттырды.