«Елбасы медалі» жобасына өтініш қабылдау басталды

сайтка 1

Облыста «Елбасы медалі» жобасына қатысуға өтініш қабылдау жалғасуда. Белсенді және талапты жастарды қолдауға бағытталған жобаға «Тұңғыш Президент» қоры қолдау көрсетуде.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк, «Елбасы Медалі» жобасының үйлестірушісі, «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның өкілі Олжас Мамбетов айтып берді.  

-Өз тарапымыздан мына мәселелерді ерекше айтып өткім келеді. «Елбасы Медалі» бағдарламасын дамытуға біздің облыста барлық қажетті шаралар қолға алынды. Бағын сынамаққа ұмтылған жастар үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл мақсатқа қажетті қаржыны бөлді, тәлімгерлер іріктеліп, оқытылды. Нәтижесінде облысымыз бойынша дәл қазір 350 адам бағдарламаға қатысуға өтініш берген, республика бойынша 8000 адам. Облыс бойынша 1000 қатысушыны қамту жоспарлануда.

Өңірдің барлық білім мекемелерінің басшыларына осы бағдарламаға баса назар аударып, қызықты бағдарлама туралы өз оқушылары мен студенттеріне кеңінен насихаттауды сұраймын. Біздің облыс «Елбасы Медаліне» қатысушылардың ішінде үздіктер қатарында боларына сенемін, – деді В.Цымбалюк.

Жоба шартына тоқталар болсақ, қатысушыларға жеті бағыт ұсынылады. таратып айтар болсақ, «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеу барысында үздік әлемдік тәжірибе қолданылған. Байқаудың шарты бойынша оған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. «Елбасы медалін» әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын», «күміс» немесе «қола» бағыттарын таңдау керек. Қатысушылар тәлімгердің көмегімен жеке даму бағдарламасын жасайды.  Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын және облыс әкімінің грантын алуға толық құқығы бар.

-«Елбасы Медаліне» үміткерлердің әрқайсысы өздерінің дарыны мен шеберлігін  тәлімгерлердің көмегімен шыңдайды. Біз өзіміздің облыста қазірдің өзінде 25 адамды бағдарламалық және тәлімгерлік әдістемеге оқыттық. Әрине олардың барлығы педогогикалық білімі бар азаматтар (айтып отырған педагогтар жайында толық ақпарат, аймаққа танымал мұғілмдерді табу). Бұл тәлімгерлер кестені құруға көмектеседі және өзінің қаморлығындағы жастардың  барлық жетістіктерін бағалайтын болады.  Бағдарламаның қатысушыларын қолдау мақсатында  үш бағытта арнайы бейне-сабақтар онлайн режимде жүргізілуде: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағдыны дамыту және ұлттық мұра. Айта кетейін, биыл осыған арналған 288 бейне-сабақтар жүргізіледі. Сондықтан айтылып отырған тың жобаға облыстағы барлық жастар мен жасөркендерді белсенді қатысуға шақырамын!,- деді жоба ұйымдастырушысы Олжас Мамбетов.

Айта кету керек, 2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық “El Úmiti” бастамасын көтерді. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент – Елбасы қоры қазақстандықтар мен мемлекет болашағы үшін бірнеше тың жобаларды іске қосты. Қазірдің өзінде ауыл балалары үшін «Мың бала» олимпиадасы жүріп жатыр, дарынды балаларды қолдау үшін «Qabilet» секілді басқа да жобалар іске асуда.

сайтка 2222

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓