Әлеуетті әріптестік

Қонақтарды қарсы алған өңір басшысы кездесу екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
– Павел Владимирович, біздің облысқа үнемі келетініңізді білемін, бұл біз үшін өте маңызды. Біз осындай кездесулерді жақсы дәстүрге айналдыруға тырысамыз. Мен мұны достық әрі өзара тиімді қарым-қатынастың көрсеткіші деп санаймын, – деді өңір басшысы.

Мәселен, Қостанай облысының Беларусь Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2022 жылдың 11 айында 86,1 млн доллар, оның ішінде экспорттық жеткізілімдер – 4,2 млн долларға жеткен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 27,3% жоғары.

Өңірдегі «Агромашхолдинг KZ» АҚ Ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорын «Гомсельмаш» ААҚ-мен бірлесіп, «Essil» (Есіл) астық жинайтын комбайндарын шығарады. Сонымен қатар, «МТЗ-Қазақстан» ЖШС алаңында Минск трактор зауытымен бірлескен «Беларусь» маркалы тракторлар өндірісі жолға қойылды. Кәсіпорын келесі кезеңді – тракторларға арналған кабиналар өндірісін іске асыруды аяқтауға жақын.
Тараптар Қостанайдағы «Олжа Агро» ірі агрохолдингімен бірлесіп Беларусь технологияларын, жабдықтарын және селекциясын ІҚМ өсіруде қолдана отырып, сүт-тауар кешенін салу жобаларын іске асыру мүмкіндігі туралы мәселені талқылады.

Қостанай облысы машина жасау саласында ғана емес, тамақ өнімдерін өндіруден бастап, фармацевтика өнеркәсібіне дейінгі басқа да бағыттардағы жобаларды іске асыруда әлеуетті әріптес болып отыр.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.