Көшеге шық, жаяу жүр
Бабаларымыз салауаттылықтың қадір-қасиетін ұрпаққа аманаттап кеткен. Оның іргетасын шариғат үлгісінде қалыптастырып, хатқа жазбай-ақ бекіткен. Сол кездегі түрлі дертке қарсы қарапайым әдістерді қолдана отырып, ол үшін нәпақа тілемеген. Өзенді теріс ағызып, шарпыған жалынды тоқтатқан әулиелер өткен. Қарапайым қарсы әдіс деп отырғанымыз – таң азаннан ерте тұрып, бір мезгіл жаяу жүру. Бұл – осы ұстанымға адал Тұрар Уәлидің пікірі.
"Жаяу жүрген адамға салмақ тастап, денсаулығыңды түзеу үшін ғана пайдалы емес, ойыңа ой қосады. Сол арқылы бойға энергия беріліп, сана-сезімді дамытуға, істі ілгері бастыруға әртүрлі идеялар келеді. Мәселен, шетелдіктер дамыған, бізден озып кетті деп жатамыз. Олардың бұл қарапайым әдісін енді ұға бастадым", – дейді Тұрар.
Тұрар Мұхтарұлы Торғайдың тумасы. Түптеп келгенде, қазақтың біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынұлының аталас ұрпағы боп келеді. Қазір Алматы қаласында тұрады.
"Негізі, қосымша мамандығым электрші. Сол салада біраз жыл тер төктім. Кейін аталарымыз сияқты ұлт мүддесі үшін толғандым. "Кейінгі толқынға еш септігім тимей өтіп кетемін бе?" деген бойыма қорқыныш ұялады. Салауаттылықтың барысын насихаттап, тренингтер өткізумен айналысамын. Арасында жолдасымыз екеуіміз адамның денсаулығына пайдалы заттарды қолдануға кеңестер ұсынамыз. Бүгінде жаяу жүрудің пайдасын айтып келемін. Кезінде ата-бабаларымыз осы арқылы өздерінің қасиеттерін ұштай білген. Қажылыққа сахараны кешіп өтіп, жаяу жеткен. Кезінде бір бабамыз: "Біздің бұл қасиетіміз ібілістің құралдары келіп жоғалады" деп біліп айтып кеткен екен. Сол Қайырбек Шайхы жайлы көзі ашық үлкен буын естіп-білген болу керек. Қақаған суықта жидешең көше кезіп жүрген бабамызды көріп, жағасын ұстаған жұрт "Көк дөнен" атап кетіпті. Аяқ-қолы қақсап, белі шойырылған, құйысқаны тартқандарға үшкіріп ем жасаған, бір ғажабы ештеңе алмай жөніне кете береді екен. Қиналғанды халықтың шақыруынсыз өзі сезіп, тауып алатын болған. Жүгіріп келіп, үстіне су алып құя салғанда әлгі жер отқа тигендей буы бұрқырап жататын дейді көзін көргендер. Бір күні ешкімнің қолына түсе бермейтін тақияны ала келуге парсы еліне жолы түсіпті. «Түн ортасында, қақаған аязда қайда барасыз?», дегендерге: «Мені Көкдөненім тастап кеткелі жүр. Арамыз алыстап барады. Соны өзіме қайтаратын парсы елінде Көкдөненді тағы бір кісі бар екен. Ол жақтан алтын жіппен көмкерілен сәнді тақиясын ала келемін» деген екен. Шекарасына келгенде: "Мені Көкдөненім тастап кетті" деп налыпты. Сөйтсе, шекарашылар бабамызды қуып жетіп, қамап қойыпты. Тілмаш табу қиынға түсіп, ақыры аяғы тілдестірген. Жөнін білгесін қайтарып жіберген екен. Содан бергі өмірінің соңғы он-он бес жылын қарапайым адамдарша өткізіпті. Ата қонысым Ақкөлдің шығыс беті деп айтып кеткен қасиетті бабамыз Науырзым аумағын мекен еткен. Ел ол кісінің жан-жағына қайырылымдығын да масаттанып айтып тырады. Ашаршылық, соғыс кездерінде тозған халықтың жоқ-жітігін түгендеп беріп жүрген. "Бабамыздың "ібілістің құралы" деп отырғаны – бүгінгі техника. Осы дүниенің шеңберінен бір сәтке серпілтіп, бүгінгі адамдарды құтқарудың бірден-бір жолы көшеге шығып серуендеу", – дейді Тұрар.
Айбек Ғалымұлы