Бюджет қаражаты үнемделді

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен "Qostanay – adaldyk alany" жобалық кеңсесімен осы жылдың басынан бастап жоспарланған бағаларды көтермелеуді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізілуде.Без названия (1)
Бағаның орташа нарықтық көрсеткішінен көтермелеу фактісі сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа жатпайды, алайда мұндай фактілердің болуы тапсырыс берушілердің бюджет қаражатын ұтымсыз, тиімсіз жұмсауы заңсыз. Ал бұл сыбайлас жемқорлыққа апаратын жол.
Мониторинг барысында қандай да бір сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағаларын бірнеше мәрте көтермелеу белгілері жүйелі түрде бақыланып отырады, тапсырыс берушілерге бағаны жалпы қабылданған орта көрсеткіштен төмендету жөніндегі ұсынымхаттар жіберіледі.
Мысалы, 11 816 694 теңге білім беру, денсаулық сақтау және ішкі саясат салаларының мемлекеттік органдары жариялаған жоспарланған жаппай іс-шараларды бодырмау (немесе бағаны төмендету және оларды өткізу мерзімін ауыстыру) арқылы үнемделді. Тағы бір жай, Департаменттің ұсынысы бойынша Арқалық медициналық колледжі жаппай іс-шараларды өткізуге жоспарланған бюджеттік қаражат сомасы 4,4 млн теңгеден 60 мың теңгеге дейін төмендетілді (өткізу мерзімін ауыстырумен).
"Құқықтық статистика мәліметтеріне сәйкес, әрбір алтыншы сыбайлас жемқорлық қылмыс мемлекеттік сатып алу бойынша жасалады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және уақытында жолын кесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ең тиімді құралы" – деді Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов өз түсініктемесінде.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 100 миллион теңгеден астам қаражат үнемделген. Мұндай мониторинг құралдарының жоғары бағаларды анықтаумен ғана шектелмегенін және жақын арада қаржы заңнамасын бұзуды болдырмау жөніндегі ақпараттың ауқымын кеңейту енгізілетінін атап өткен жөн.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың сеніп тапсырған мемлекеттік қаражатын үнемдеу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері бойынша өзара сындарлы қарым-қатынасты жалғастыруға барымызды саламыз.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓