Қостанайдағы жол белгілері сапалы ма?
Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Қостанай облысындағы филиалының мамандары 1500-нан аса белгіні тексерді.
фото: news.myseldon.com
Олардың 250-ден астамы жарық қайтару коэффициенті бойынша нормативтік құжатқа сәйкес келмейтіні анықталды.
– Қазіргі заманғы жол белгілері арнайы пленканы қолдана отырып жасалған, ол жарық жеткіліксіз болған жағдайда, қараңғы мерзілде автомобиль шамдарымен жарқырайды, – деп түсіндірді жол активтері орталығы филиалы басшысының міндетін атқарушы Владимир Завалий. – Тексеру кезінде стандартқа сәйкес келмеген жол белгілерінің едәуір бөлігі кепілдік міндеттемелер негізінде мердігер есебінен қалпына келтірілді.