Жаңа жылдан бастап зейнетақы өседі
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақы көлемі 9 пайызға өсетін болды. ҚР Үкіметі бұл жайында арнайы қаулы қабылдады.
« 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери қызметте қызмет атқарғандарға, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі де 7пайызға артатын болады.