Елдің дархан көңілі

Өткен демалыс күндері сырт жақ алай дүлей боран болды. Осының кесірінен жол жабылып, қар басты. Ұялы телефонға толассыз келіп жатқан ескертулерге қарамастан жолға шыққан жолаушылар жолда қалды.
Бұл Науырзым ауданы аумағында болған жағдай. Екі тәулік ішінде 77-ге жуық жолаушы далада қалған. Боран басталғалы төтенше жағдай мамандары тоқтаусыз жұмыс істеген. Бірақ қардың қалыңды дес берер емес. Тұрғындар ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаны алдын-ала білген. Бірақ, діттеген жерлеріне жетіп алуға тырысқан. Көршілес Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық қаласынан шыққандар жол бойы тұрып қалған. Іркескен тіркескен көлік көп. Жол бойында қалған жолаушыларды Әулиекөл, Науырзым аудандарының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары арнайы көлігімен жақын маңдағы Дәмді ауылындағы әкімшілік пен мектеп ғимаратына жеке тұрғын үйлерге орналастырлып, ыстық тамақпен қамтыған. Одан бөлек өздерің үйлеріндегі жанар-жағармайларын жолда қалған көліктерге құйып беріп, асар жасаған. Қиындықта бірігіп, барын тосқан ел адамдарына жолаушылар дән риза. Қазір жол түгелімен аршылып, тазартылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓