Сайлау тәртібі түсіндірілді
Қостанайда облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының жиынында ҚР Парламент Сенаты депутатын сайлау тәртібі түсіндірілді.
Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещановтың айтуынша, өңірде ұзын саны 267 депутат болса, соның 263-і таңдаушы құқығын иеленген. 4 депутаттан сайлаушы құзіреті алыныпты.Ал сайлау тәртібімен облыстық сайлау комитетінің төрағасы Александр Малашко таныстырды.
"Сайлау пунктер ашылып, бюллетен ұсынатын комиссия анықталды. Әр сайлаушы жеке дауыс береді, бірнеше адамның бірге таңдау жасауына тыйым салынады. Бюллетендер сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Сайлау сағат 11.00-де басталып, 14-00-де аяқталады. Егер бәрі дауыс беріп үлгерсе, ертерек аяқталуы да мүмкін", – деп түсіндірді А.Малашко.