Карантин шаралары күшейеді
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында аймақ басшысы өзінің орынбасарларының және қала-аудан әкімдерінің баяндамасын тыңдады.Отырыста мәлім етілгендей, 1 шілдедегі ақпарат бойынша облыста барлығы 143 476 адам вакциналанған, оның ішінде 85 384-і екінші компонентпен екпе алыпты.
"Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі, бірақ азаматтарға вакцинацияның маңыздылығын еске салғым келеді. Біздің облыс тұрғындарының көпшілігі вакцина алған кезде ғана біз өмірдің бұрынғы қарқынына қайта орала аламыз, – дейді облыс әкімі. – Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Мысалы, тек соңғы аптада 312 жағдай тіркелді, ал өткен аптада 222 адам індет жұқтырған болатын, яғни ауру 40%-ға өсті".
Жиын барысында 1 шілдеде Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулыға қол қойғаны, онда вакциналанбаған қызметкерлерінің жұмыс орындарына келуін шектеуі тиіс компаниялар мен кәсіпорындардың тізбесі айқындалғаны айтылды.
Сондай-ақ, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап облыста карантин шаралары күшейтілмек. Ескерерлігі, «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін объектілер карантиндік шаралар кезеңінде де қызметін жалғастыра береді.
"Осыған байланысты, кәсіпкерлерді тағы да «Ashyq» жобасы тұрғысында белсенді жұмыс істеуге шақырамын. Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасына қатысу үшін 640 өтінім берілді, – деп толықтырды А.Мқхамбетов. – Құрметті облыс тұрғындары, әрқайсыыңыздан өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілік көрсетіп, COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан өтуді сұраймын".