Сайлау: Ғауез Нұрмұхамбетов жеңіске жетті

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтті. Саяси додаға Қостанай облысынан үш кандидат түскен болатын. Нәтижесінде Ғауез Нұрмұхамбетов басым дауыс жинады. 
Сайлауға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 255 депутаты қатысып, таңдауларын жасады. Дауыстарды санау қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов басым түсіп, Сенат депутаттығына өтті. 
Айта кетейік, Ғауез Торсанұлымен бірге №2 емхананың бас дәрігері Самат Шүменбаев пен "Аmanaт" партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшинова додаға түскен еді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓