Тариф жобасы талқыланады
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті тариф жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Күн тәртібінде қаралады:
-
"Тобыл" МКК. 2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 11:00-де Қостанай облысы, Майское ауылы, 60 лет Октября көшесі, 1 ғимарат (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша өтетін магистральдық құбырлар және тарату желілері (Майское ауылы) бойынша су беру жөніндегі қызметтің тарифі.
-
"Тобыл" МКК 2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 16:00-де Қостанай облысы Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 87 (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша өтетін магистральдық құбырлар және тарату желілері (Әйет ауылы) арқылы су беру қызметінің тарифі.
-
"Тобыл" МКК 2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 15:00-де Қостанай облысы Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 87 (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша өтетін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметінің тарифі (Әйет ауылы).
-
"Рудный жылу желілері" ЖШС 2023 жылғы 17 қаңтарда сағат 11.00-де Қостанай облысы Рудный қаласы, Октябрь 40 жылдығы көшесі, 2/2 құрылыс мекенжайы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметінің тарифі (Железорудная станциясы).
Жария тыңдау сондай-ақ «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимде және Қостанай департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 53-56-58, 54-28-76.