Облыс әкімі Қостанай ауданына барды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бүгін Қостанай ауданында іссапарлап барды. Өңір басшысы алдымен "Қостанай бекіресі" ЖШС-де болып, ондағы ферма құрылысымен танысты.
«Фермадан жылына 20 тонна балық өндіріледі. Оның 10 тоннасы тірі балық, ал 10 тоннасы өңделген өнім. Өндіріс осы жылдың қазан айында толықтай іске қосылады», – деді кәсіпорын басшысы Валентин Ищенко.
Өңір басшысы кәсіпкерге өндірісті кеңейтуді және қосымша басқа түрлерін өсіріп, өңдеумен айналысуды ұсынды. Бұған қаражат бөліп, көмектесуге уәде берді.
Жұмыс сапары Заречный мектеп-лицейінде жалғасты. Білім беру мекемесі көп жылдан бері жөнделмеген, ғимараттың іргетасы ылғал, электр желісі де ескірген. Өңір басшысы биыл мектепті күрделі жөндеуге 289 млн теңге қаражат қарастырылатынын айтты. «Бюджетті нақтыланғаннан кейін ақша бөлеміз», – деп нақтылады Құмар Ақсақалов.
Одан соң әкім Майкөл ауылында жергілікті жұртшылықпен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен жүздесті.
Облыс әкімінің Қостанай ауданына сапары туралы толығырақ «Қостанай таңы» газетінде жарияланады.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓